Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақ агрожүйелер саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі дайындықты жетілдіру

Жоба докторанттарды жоғарғы және халықаралық стандарттар бойынша тұрақты Ауыл шаруашылығы шешімдері мен болашақ агросистемаларына негізделген білімді арттыру бойынша оқыту қажеттілігін қанағаттандырады, бұл ұлттық, өңіраралық және халықаралық маңызға ие.

Үлкен ауыл шаруашылығы аумақтары Ресей мен Қазақстанның ландшафтары мен экономикасын сипаттайды, сондай-ақ екі мемлекет те бұл сектордың инновациялық дамуына аса көңіл бөледі. Осыған байланысты білікті еңбек әлеуеті мен инновациялық әлеуеттің жетіспеушілігі байқалады. Нәтижесінде бірқатар бастамалар барлық деңгей бойынша (ауыл шаруашылығы жұмысшылары, мамандар, менеджерлер) адам ресурстарын өсіруге, сондай-ақ жоғары оқу орындарының (ЖОО) қызметін жақсартуға бағытталған. Болон процесінің енуі мен ілгері жүзеге асырылуына қарамастан, жас таланттардың «ой-өрісінің жетіспеушілігі», сондай-ақ докторантураның жетілдірілмеген және ескірген білім беру бағдарламалары жоғары оқу орындарының халықаралық бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатына қол жеткізуге кедергі келтіреді. Тұтастай алғанда, тұрақты ауыл шаруашылығы мен болашақ агрожүйелер саласындағы білім мен зерттеуге сұранысты қанағаттандыру үшін институционалдық әлеует артады.

Еуроодақтың 5 серіктестерінен, 4 ресейлік және 4 қазақстандық ауыл шаруашылығы университеті мен Ресей мен Қазақстандағы аккредиттеу, зерттеу және жеке бизнес саласындағы консультативтік және сараптамалық әріптестерден тұратын консорциум келесі мақсаттарды алға қойды.

1. ауыл шаруашылығы ғылымдары мен инновациялары үшін өзекті болып табылатын пәнаралық мазмұнды және трансдисциплинарлық тәсілдер бойынша докторанттарды даярлау үшін әртүрлі өңірдің 8 жоғары оқу орындарында үшінші циклдың (докторантураның) білім беру бағдарламаларына төрт модульді әзірлеу және енгізу;
2. халықаралық стандарттарға сәйкес және үздік тәжірибелердің мысалында докторантурада оқытуды жүзеге асыру үшін серіктес университеттердің кадрлық әлеуетін, әдеби базасын және жабдықталуын арттыру;
3. халықаралық стандарттарға сәйкес және үздік тәжірибелердің мысалында докторантурада оқытуды жүзеге асыру үшін серіктес университеттердің кадрлық әлеуетін, әдеби базасын және жабдықталуын арттыру;
4. Қоғаммен үздік тәжірибелермен алмасу мақсатында ауыл шаруашылығы ғылымдары саласындағы үшінші цикл (докторантура) білімі бойынша жоғары оқу орындарының сарапшылық желісін құру.