Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақ агрожүйелер саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі дайындықты жетілдіру

SAGRIS модульдері оқытудың үшінші сатысына арналған 4 инновациялық пәннен тұрады. Олардың екеуі мазмұнды, екеуі әдістемелік болып табылады. Олар "Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақ агрожүйелер" тақырыбы аясында Ресей мен Қазақстанның серіктес жоғары оқу орындары үшін басымдық ретінде айқындалды. SAGRIS модульдері Еуропалық сапа стандарттарына және Болон процесінің қағидаттарына сәйкес әзірленеді. 2021-2022 жж. пилоттық апробациядан кейін Модульдер аспирантураның (Ресейде) және докторантураның (Қазақстанда) білім беру бағдарламаларына енгізілетін болады.

4 модульдің әрқайсысы 4 ECTS-ке (з.бір.) есептелген, оқытудың бірегей нәтижелеріне ие және Студентке орталықтандырылған тәсілді қолдануды көздейді. Модульдер мақсаты жетілдіру болып табылады.