Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақ агрожүйелер саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі дайындықты жетілдіру

Module 2 «Климаттың өзгеруі жағдайындағы өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы жүйелері»

Модуль климаттың өзгеруінің азық-түлік қауіпсіздігіне әсері мен салдарын зерттейді: климаттың өзгеруі жағдайында ауылшаруашылығымен байланысты экономикалық қауіптерді бағалау. Пән климаттың өзгеруінің өндірістік қызметке, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы жүйелерінің өнімділігі мен тұрақтылығына әсерін болжау және анықтау саласында кәсіби білім береді және зерттеулерге негізделген өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының экологиялық қауіпсіз өнімдерін өндіру жүйесін климаттың өзгеруінің қолайсыз салдарына бейімдеуге үйретеді. Кәсіби, әдістемелік және практикалық мазмұны келесі тақырыптарда ашылады:
  • 1. Климаттың өзгеруінің Ауылшаруашылық өндіріс жүйелеріне әсері
  • 2. Климаттың өзгеруінің азық-түлік қауіпсіздігіне әсері
  • 3. Ресурстарды тұрақты пайдалану және басқару (су ресурстары, экожүйелер, жерді пайдалану)
  • 4. Экологиялық қауіпсіз өсімдік шаруашылығы
  • 5. Тұрақты мал шаруашылығы жүйелері және жануарлардың әл-ауқаты
Module 2 «Климаттың өзгеруі жағдайындағы өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы жүйелері»